+7 (727) 2222-101
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң: іс жүзінде қалай жұмыс істейді»

Спикер:

Ержан Ерікұлы Біржанов

Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі


Модератор:

Мейрман Шекеев

Заңгер, қоғам белсендісі
Instagram: meirman_shekeyev_halyq_zanger

2023 жылдың 1 наурызында өтті.



Достарыңызға айтыңыз:



Банкроттық туралы негізгі сұрақтар

Сұрақтар

Жауаптар

1

Несиелер мен шағын несиелерді төлеуде қиындықтар бар. Мен банкроттық туралы арыз бере аламын ба? Егер болса, қайда барамын?

Банкроттық рәсімді ҚР азаматтары келесі талаптарға сәйкес қолдана алады:

Соттан тыс банкроттықта арыз беру үшін негіздер:

1.Борыш 1600 АЕК-тен аспауы

2.Қарыздың он екі ай бойы өтелмеуі;

3.Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;

4.Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізуі.

Сонымен қатар, Заңда келесі ерекше ережелер қарастырылған:

- атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін (мұндай азаматтар бойынша 12 ай ішінде төлемінің болмауы қолданылмайды);

- берешегі бес жылдан артық өтелмеген адамдар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеу жүргізілмейді).

Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша қолданылады.

Сот банкроттығы кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. Бұл ретте несиені өтеу бойынша мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс және банктерден реттеу рәсімінен өту қажет.

Сондай-ақ, қарыздарды бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану көзделген. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотпен бекітіледі.

Бұл рәсімнің артықшылығы-одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

 Бұл ретте, банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз:

Сот банкроттығын, сондай-ақ соттан тыс банкроттықты қолданғандар:

- бес жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтан микрокредит алудан басқа);

- жеті жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа рәсімін қолдана алады;

- олардың қаржылық жағдайы банкроттық рәсімі қолданғаннан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Банкроттықтың соттан тыс рәсімін қолдану үшін тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда азамат E-gov, E-Salyq Azamat веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі керек.

Сот арқылы банкроттықты қолдану немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін азамат тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуі қажет.

2

Мен банкроттық туралы өтініш бере аламын ба немесе тым кеш пе, себебі іс сотта және онымен сот орындаушылары айналысады ма?

Кеш емес, Сіз соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін белгіленген негіздері мен  шарттарына оның ішінде өлшемшарттарына сәйкес болуыңыз керек.

Банкроттық рәсім қолданылған жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы істі қарау тоқтатылуға жатады.

3

Кредиторлық берешегі жоқ, бірақ ағымдағы несиесі бар берешегі жоқ тұлғаларға Заңды қолдануға бола ма?

Жоқ, Заң 12 айдан астам уақыт кредиттерін төлей алмай жүрген азаматтарға ғана қарастырылған.

4

Қасақана банкроттық белгілерін анықтау үшін қандай шаралар қарастырылған?

Әдейі банкроттық белгілерін анықтау азаматтың сот арқылы немесе соттан тыс банкроттық рәсімдерін қолдануға арыз бергенге дейін 3 жыл бұрын борышкердің қаржылық жағдайына талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Мүлікті жасыру, оны заңсыз иеліктен шығару және банкроттыққа дейінгі кезеңде азаматтың басқа да заңсыз әрекеттері анықталған кезде соттан тыс банкроттық рәсімі тоқтатылуға жатады. Сот банкроттығы рәсімінде қаржы басқарушысы осы мәмілелерді заңсыз деп тануға және мүлікті мүліктік массаға қайтаруға сот тәртібімен әрекет жасайды. Мәмілені жарамсыз деп тану туралы сот актісінің болуы рәсімнің нәтижелері бойынша банкроттан берешекті есептен шығарудан бас тартуға негіз болады.

5

Процедура аяқталғаннан кейін банкроттың қаржылық жағдайы қалай бақыланады.

Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін қаржылық жағдайдың мониторингі борышкердің деректері, сондай-ақ уәкілетті органдардың деректері бойынша жүзеге асады. Борышкер, банкроттықтан кейінгі үш жыл ішінде мемлекеттік тіркеуден өтуге жататын мүлікті алған жағдайда осындай ақпаратты кредиторларға жібереді. Мәміленің жалған екенін сот анықтайды.

6

Қаржы менеджерінің кандидатурасы қалай және кіммен анықталады?

Қаржы басқарушысын уәкілетті орган -  Мемлекеттік кірістер органдары тағайындайды. Осы мақсаттар үшін қаржы басқарушыларын таңдау және тағайындау тәртібі әзірленген.

7

Жеке тұлғаларды банкрот деп тану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы арыздарды қандай соттар қарайды? (экономикалық немесе азаматтық)

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы арыздар тұрғылықты жер бойынша аудандық соттарда (яғни азаматтық) қаралатын болады.

8

Жеке тұлғалардың банкроттық туралы істері арнайы өндіріске енгізіледі ме?

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерді соттар Заңда белгіленген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалар бойынша қарайды.

9

Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сотқа арыз бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері қанша?

Қазіргі таңда мемлекеттік баж салығы белгіленбеген, қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу, оның ішінде сотқа тиісті арыз берген кезде мемлекеттік баждың мөлшері 0,3 айлық есептік көрсеткішін белгілеу бойынша түзетулер қаралуда.

10

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адам банкроттық туралы өтініш бере ала ма?

Бере алады, мұндай адамдар үшін қандай да бір ерекше жағдайлар мен шектеулер заңда қарастырылмаған

11

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азаматқа банкроттық туралы (сот) рәсімі қолданылады ма?

Заң тек Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады.

Қандастар, Азаматтығы жоқ, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар адамдарға заң қолданылмайды.

12

Кепілгер (кепілгер, кепіл беруші) өз кезегінде өзін банкрот деп тану және соттан тыс/сот тәртібімен банкроттық рәсімінен өту құқығын пайдалана ала ма?

Заңның 22-бабының нормаларында кредитордың, оның ішінде борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғаннан кейін кепілгерлерге және кепіл берушілерге талаптар қою құқығы көзделген.

Борышкерге қатысты банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін кредитор банкроттық нәтижелері бойынша өтелмеген талаптарды есептен шығаруға байланысты мұндай мүмкіндіктен айырылады.

Бұл ретте кепілгер (кепіл беруші) кіріс параметрлеріне сәйкестігін негізге ала отырып, өзінің (жеке) міндеттемелері бойынша заңда белгіленген рәсімдерді қолдануға өтініш жасау құқығынан айырылмайды

13

Қаржы менеджерлерінің жалақысы мемлекет есебінен жүзеге асырылады, тек СУСН мәртебесі бар азаматтар үшін басқалар не істеу керек?

Заңда қаржы басқарушылады уәкілетті орган тағайындайтындығы,  азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымынан кейін уәкілетті орган тағайындайтындығы және қаржы басқарушыға ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен 1 ЖТМ (яғни 70 000) мөлшерінде жүзеге асырылатындығы туралы көзделген.

Осыған байланысты, сот банкроттығы немесе төлем қабілеттілікті қалпына келіру рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда борышкен қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеу жөнінде ойлану қажет.

Сондай-ақ, мүлік болмаған жағдайда банкроттық рәсім ұзаққа созылмайтындығын ескерген жөн.

14

Егер сот банкроттық туралы сот рәсімін қолдануды мақұлдаса және маған жұмыс үшін елден тыс жерге шығу керек болса, мен мұны істей аламын ба? ешқандай шектеулер болмайды ма?

Сот банкроттығы рәсімін жүргізу кезеңінде (6 ай) борышкер үшін елден тыс жерлерге шығуға тыйым салынатын болады. Сот банкроттық рәсім аяқталған сәттен бастап шектеулер алынып тасталады және азамат елден тыс жерлерге шыға алады.

Соттан тыс банкроттық рәсімі барысында осындай шектеулер жоқ.

15

Заңда көзделген 3 рәсімнің қайсысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу сақталады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру?

Борышкерге елден тыс шығуға тыйым салу сот банкроттығы рәсімін қолдану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезеңінде ғана белгіленген, өйткені борышкер мүлкін сатуды жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттарға қол қоюға тікелей қатысуы қажет.

Рәсім аяқталғаннан кейін (соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі) шетелге шығуға шектеулер белгіленбеген.

16

Азаматтың/қаржы менеджерінің Заң талаптарын бұзғаны үшін немесе Заңда көзделген рәсімдер шеңберіндегі іс-әрекеті/әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы норма бар ма?

Қылмыстық жауапкершілік әлі көзделмеген, әкімшілік жауапкершілік бойынша айыппұл мөлшері 200 АЕК дейін белгіленген.

17

Заңның 14-бабына сәйкес азаматтардың мәмілелерін жарамсыз деп танудың нақты белгілері бар ма?

Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару мәміленің жалған фактісі және ҚР Азаматтық кодексінде көзделген өзге де фактілер анықталған жағдайда қойылуы мүмкін. Жасалған мәміленің ойдан шығарылуы немесе жалған болуы сотта дәлелденуі керек.

18

Банкроттық рәсімі ерікті болғандықтан, өзін банкрот деп жарияламаған, бірақ қарызын өтемейтін азаматтарға қандай шара қолданылады?

Заңмен борышкердің өзі ғана өзіне қатысты соттан тыс банкроттық/сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға бастамашы болады.

Кредиторлар және басқа да үшінші тұлғалар азаматты банкрот деп мәжбүрлі түрде тани алмайды.

Яғни, салдарлардың бар болуына қарамастан, аталған шара азаматтың жеке қалауы болып табылады.

Қарыздары бар, бірақ банкроттық туралы арыз бермеген азаматтарға қатысты қаржы ұйымдар коллекторлық қызмет және атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарының негізінде берешекті өндіруді талап етуге құқылы.

Банкрот деп тану туралы арыз бермеген азаматтарға қатысты Заңмен ешқандай шаралар қарастырылмаған.

19

Заңда қылмыстық құқық бұзушылық үшін келтірілген зиянды өтеу міндеті тоқтамайтыны көрсетілген. Дегенмен, бұл қылмыстық істер бойынша заңсыз жолмен алынған мемлекеттің кірісі бойынша талаптарды қоса ма?

Cәлеметсіз бе. Иә, мұндай міндеттемелер тоқтатылмайды, сот шешімдері орындалуға жатады.

20

Заңға сәйкес, өтінішке (соттың банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін) қоса берілуі тиіс құжаттардың бірі борышкердің банктік қарыз шарты бойынша берешегін реттегенін растайтын құжат болып табылады. Сұрақ: егер осы банктік қарыз шарты бойынша сот шешімі бар болса және іс 2 жылдан астам атқару парағы бойынша атқарылуда болса, бұл құжатты қоса беру қажет пе?

Берешекті реттеу рәсімін жүргізуді растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап міндетті болып табылады.

Іс сотта қаралғандықтан, тиісінше, бұл құжат істе бар, оны жүргізудің дәлелі ретінде тіркеу қажет.

21

Жеке тұлға банкроттық туралы арыз берген кезде жеке тұлғадан жеке тұлғаға несиелік келісімдер осы заңға жатады ма? Мен жеке тұлғалардан, жеке тұлға ретінде бизнес үшін ақша алдым және шығынға ұшырадым (2020 жылы Пандемия – бизнес жабылды). Қазірг төлем қабілеттілігім жоқ. Менде ешқандай мүлік қалмады, ал несие келісімдері бар, олар бойынша өндіріп алу туралы сот шешімдері бар, барлық есепшоттарға шектеуде. Ал бір жыл қимылсыз болды. Мен қалыпты жұмысқа орналаса алмаймын, т.б. Банкроттық кезінде менің барлық міндеттемелерім жойыла ма?

Иә, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі бар. Жеке тұлғаның жеке тұлға алдындағы берешегі бойынша жағдай сот тәртібімен қаралатын болады.

22

Қылмыстық іс шеңберінде өндіріп алынған қарыздар бойынша жеке тұлғаға қатысты сот банкроттығын қолдану мүмкін бе?

Егер сот шешімі бойынша туындаған қарыздан басқа тағы да қарыз болатын болса, онда ол сот арқылы банкроттық рәсімін қозғау үшін сотқа жүгінуге құқылы, бірақ оның пайда болған қарызын ескерілуі тиіс. Сот шешімдері негізінде бюджетке төленетін қарыздар жойылуға жатпайды.

23

Субсидиарлық тәртіппен өндіріп алынған бюджетке берешек бойынша соттың банкроттық рәсімі қалай жүзеге асырылады?

Егер азаматты субсидиарлық жауапкершілікке тарту шеңберінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған қарыздан басқа: салықтар бойынша, банктік кредиттер бойынша және басқа да борыштар болса, азамат сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін сотқа жүгінуге құқылы, бұл ретте субсидиарлық тәртіппен бюджет есебіне өндіріп алынған сомалар алынуға жатпайды.

24

Өзін банкрот деп жариялағысы келетін жеке тұлғаға қатысты медиациялық келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде берілген атқару парағы бойынша жеке тұлғаның талаптары осындай танудан кейін тоқтатыла ма?

Иә, егер борышкер өзін сот тәртібімен банкрот деп жарияласа және рәсім нәтижелері бойынша аталған қарыз өтелмеген болып қалса, онда ол алынады.

25

АӘК алушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Егер азамат қатарынан 6 ай бойы АӘК алушы болып табылса, сондай-ақ оның мүлкі болмаған жағдайда және банкпен немесе микроқаржы ұйымымен қарызды реттеу рәсімінен өткен болса, онда ол 12 айдан астам уақыт қарыздарын мүлдем төлемеген факті болмаса да, біртіндеп төленген жағдайда да соттан тыс банкроттық рәсіміне жүгінуге құқылы.

26

Егер банктік қарыз шарты бойынша борышкерде бұрын аукционға қойылған, бірақ сатылмаған жер учаскесі болса, бірнеше жыл бойы жер салығы 5 млн.теңгеден асатын болса және борышкерге есептелгеннен кейін мәселе сот банкроттығы аясында осы жерді сату, салық пен өсімпұлдың «тағдырының» қалай шешілетіні, сондай-ақ мүлікті сатудан түскен түсім жеткіліксіз болған басқа да қарыздар жайында.

Сот арқылы банкроттық рәсім кезінде борышкердің барлық қарызы есепке алынады, Қарызды өтеу кезек бойынша жүзеге асады. Қалған өтелмеген талаптар, алимент, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, қылмысық істер бойынша келтірілген залал жән сот шешімі негізінде бюджетке өндірілуге жататын қарыздарды қоспағанда шығарылады. Осылайша, егер банкроттық рәсімін жүргізу нәтижесінде борышкердің кредиторларының талаптарының тізіліміне енгізілген салық берешегінің сомасы өтелмеген немесе ішінара өтелген болса, қалған сома кешірілуге жатады.

27

Хабарлауы рәсім шеңберінде қаржы басқарушысы қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғамен азамат қаржы басқарушысымен қаржы басқарушысының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы шартты өз бетінше жасай ала ма? «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға ұқсас төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін?

Заң нормаларына сәйкес, қаржы басқарушылар уәкілетті органның бұйрықтарымен тағайындалады, борышкер үшін қаржы басқарушысын өз бетінше таңдау құқығы көзделмеген.

Сонымен қатар, қаржы басқарушысын тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін борышкер үшін қаржы басқарушысымен рәсімді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша (төлем тәртібі және басқалар) келісімдер жасасуда шектеу жоқ.

28

Егер борышкер 2 жылдан астам банктерде және МҚҰ-да 3 несие төлемесе, мүлде төленбесе, бірақ бір несие тауарлық, оны үнемі төлейсіз, өйткені. Сома тауар түрінде аз. СҰРАҚ: Айтыңызшы, несиелердің бір бөлігін ғана соттан тыс немесе сот арқылы банкроттыққа беруге болады ма? Әрі қарай аз мөлшерде несие төлей берсе. Әлде барлығына өтініш беру керек пе?

Банкроттық-бұл барлық несие берушілер алдындағы банкроттық.

Егер соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдерін қолдануға арналған өтініште қолда бар кредиторлардың бірін көрсетпесеңіз және ол бойынша төлемдер жасап отырсаңыз, сізге рәсімдерді қолданудан бас тартылады.

Бұл талап әрбір кредитордың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында енгізілді.

29

Мұраға қалдырылған ортақ мүлікке келетін болсақ, бұл кепілге берілмеген жалғыз тұрғын үй, азамат соттан тыс банкроттық критерийлеріне жатады ма, өйткені несие берушілер мүлікті сотта талап ете алмайды немесе мүлік бар болса, онда бұл сот банкроттығы ма?

Мүлік бар болғандықтан, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мүмкін емес, себебі ол осы рәсімнің кіріс параметрлеріне сәйкес келмейді.

Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Бұл ретте жалғыз тұрғын үй азаматта қалады және кредиторлар алдындағы қарызды өтеу үшін сатылуға жатпайды.

30

5,5 миллион теңгеден астам қарыздар бар. Егер жылжымайтын мүлік және жылжымалы мүлік болмаса (киім мен телефоннан басқасы) сотқа банкроттық туралы арыз беруге болады ма? Ал сот банкроттығына арыз бергенге дейін банктермен және МҚҰ-мен төлем бойынша есеп айырысуды растау қажет пе? Егер иә болса, мұны қалай жасауға болады?

Сіздің сұрағыңыз бойынша, азамат сот арқылы банкроттығының негіздеріне  жатады. Банк және микроқаржы ұйымымен қарызды реттеуден өткені туралы растайтын құжат міндетті болып табылады.

Кредитормен қарызды реттеу рәсіміне қатысты.

Несиені өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданылады. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдарына таралады.

Мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыз бойынша мәселені шешу үшін банкке және/немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуге тиіс.

Борышкер өз өтінішінде кешіктірудің пайда болуының себебін көрсетуі керек, мәселені шешудің өз ұсыныстарын ұсынуы керек және кірістердің төмендегені, міндеттемелер бойынша төлем жасай алмайтындығын растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.

Банк немесе МҚҰ өтінішті қарап, 15 күнтізбелік күн ішінде жауап береді:

- шарт талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісім бере алады;

- шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын бере алады;

- немесе бас тарта алады, бірақ себептердің дәлелді негіздемесін көрсетеді;

Шартты өзгерту шарттары келесідей болуы мүмкін:

- сыйақы мөлшерлемесін төмендету,

- төлемді кейінге қалдыру;

- қарыз мерзімін ұлғайту және т. Б.

Тағы бір ұсыныс ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату болуы мүмкін.

Егер қарыз алушы қарыз шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол банкпен және МҚҰ-мен барлық құжаттар мен хат-хабарларды қоса бере отырып, ҚР  Қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігіне жүгінуге құқылы.

Қарызды реттеудің бірыңғай тәртібі туралы толығырақ Агенттікке «1459» нөмірі бойынша call-орталығына немесе «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз.

31

«Каспий банкке» қарызы бар. Мерзімі 5 жылдан астам уақыт өткен. Жалғыз баспана – жанып кеткен саяжай, қазір құрылысы аяқталмаған. 3 бала, ең кішісі 6 жаста. Қарыз аз, бір жерде 300 000 шамасында, менің ойымша, ол коллекторларға берілген. Оған бұл қарызын қысқартады ма?

Көрсетілген жағдайға сүйене отырып, банк алдындағы берешекті 5 жылдан астам өтемегеніне байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі бар.

Бірақ банкроттық рәсімінің салдарын есте ұстаған жөн:

1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу;

2) банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдануға болады;

3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың мониторингін жүргізу көзделген.

32

Азаматтың МҚҰ және ЕДБ алдында 4 міндеттемесі болса, 2 несие бойынша кешіктіру 15 ай, қалғандары бойынша 6 ай болса, банкроттық туралы соттан тыс арыз беруге бола ма?

Азамат несиелер бойынша 1 жылдан астам мерзім өткен жағдайда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға құқылы. Бұл мерзім соңғы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарға қатысты ғана ескерілмейді.

33

Менің Кaspi Bank-те 2 несием бар, оның бірін жеке кәсіпкерге, екіншісін әдеттегідей алдым. Мен мұндай жағдайда қалай бола аламын? Kaspi барлық несиені бірге қарастырады, бөлек төлеу мүмкін емес. Мен жеке тұлға ретінде банкроттық туралы арыз бере аламын ба?

Қазіргі уақытта дара кәсіпкердің банкроттығына қатысты оңалту және банкроттық туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, дара кәсіпкердің банкроттығы бойынша кредиторлар қатарына жеке тұлға ретінде кредиторлар алдындағы қарызды (жеке борыштар) қосу мүмкіндігі көзделген.

34

Адамның 4 атқарушылық өндіріс қағазы бар, біреуінен ұсталынып орырады (кіріс мүгедектігі бойынша жәрдемақы), бұл өтеу болып саналады ма? Мұндай жағдайда банкроттық рәсімін қолдануға бола ма?

Банкроттық рәсімдерін қолдану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі үшін азаматтың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша өтеу кемінде 12 ай кешіктіру ескеріледі.

35

Өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай өтініш берілген күннен бастап қатарынан он екі ай ішінде өтеу жүргізілмейді – дәл дәйекті өтеулер немесе тұтастай алғанда кез келген өтеу (1-2 өтеу) болмауы керек екенін түсіну керек. 12 ай ішінде? Қандай сома өтеу сомасы болып саналады, 1 теңгеден немесе одан да көп?

Несиені өтеу бойынша кешіктіру қатарынан кемінде 12 ай болуға тиіс, кредитор алдындағы берешек бойынша төлем шотына түскен кез келген сома өтеу сомасы болып есептеледі.

36

Банктік несие шарты бойынша тұлға соттан тыс банкроттық туралы арыз берген кезде банк банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу үшін сотқа талап арызбен жүгінетін болса, оны қалай жүргізу керек, бұл қалай заңмен реттеледі, айтыңызшы. Өйткені банктер 2023 жылдың наурызына дейін жаппай сотқа шағым түсіреді деп ойлаймын.

Заңмен (17-бап) «электрондық үкіметтің» веб-порталында борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылғаны туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап борышкерден соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерін орындауын талап етуге тыйым салынатыны туралы норма көзделген. Осыған сәйкес борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерін орындауын талап етуге кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру шоты, сондай-ақ соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімін орындау тоқтатыла тұрады.

37

Банктерге қарызы 1 млн теңге болса, ресми жұмысы жоқ және 1 жылдан бері төлемеген, бірақ 2 миллион теңге тұратын көлігі бар болса, банкрот болған жағдайда алып кете ме? Бұл жалғыз табыс көзі

Иә, заң нормаларына сәйкес борышкердің мүліктік массасының құрамына меншік құқығындағы барлық мүлік кіреді. Рәсім барысында мүлік сатылуға жатады, түскен қаражат қаржы басқарушысының ағымдағы шығыстарын өтеуге және кредиторлардың талаптарын өтеуге жіберіледі. Қарыздың қалған өтелмеген сомасы есептен шығаруға жатады.

Дегенмен, мүліктің құны қарыз сомасынан көп болса, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін сотқа жүгінуге міндеттісіз.

38

2007 жылдан бері ипотекалық несие болды, 2009 жылы несие төлеуді тоқтатты, банк оны ипотекадан қарапайым несиеге ауыстырды. 2015 жылға дейін пайыздар есептелген. Банк пәтерді 2015 жылы аукцион арқылы сатқан, қалғаны жеке тұлғаның қарызы деп танылған. Содан бері банкке 20 миллион теңге қарыз ілулі тұр. Жеке тұлғаның банкроттық рәсімінен өтуі мүмкін бе, қарызды өтеуге мүмкіндік жоқ.

Бұл жағдайда, егер азаматта банкте және микроқаржы ұйымдарынан басқа, төленетін несиелер мен қарыздар болмаса, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз бар.

39

Менің кредиттерім көп жалғыз басты анамын екі балам бар. Банкроттыққа бере аламын ба өтінішті?

Сұрағынызға рахмет! Жағдайыңыз түсінікті. Егер Заңда белгіленгендей, қарызды 12 ай бойы төлемесеңіз және осы қарыздарды реттеу бойынша банктермен жұмыс жүргізілген болса, әине банкроттыққа арыз бере аласыз. Бірақ, түсініңіз оның салдары бар. Кейін 5 жыл кредит ала алмайсыз, 3 жыл Сіздің қаржылық жағдайыңыз бақылауда болады.

40

Банкроттық туралы заң қанша уақытқа дейін күшінде болады?

Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды және 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде жарияланды. Заңның негізгі нормалары 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енген. Оның қолданылу мерзім аясы осы Заңмен шектелмейді.

41

Заң қашан күшіне енеді және мен қарыздарымды есептен шығара аламын ба?

Банкроттықтык ешқандай салдары жоқ несиелік рақымшылықтан айырмашылығы -  шектеулерінде. Яғни, 5 жыл ішінде жаңа несиелер алуға тыйым салынауы, 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың бақылануы.

Барлығы банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік ұпайын төмендететінін түсінуі қажет. Сәйкесінше, оң және теріс жақтарын өлшеп, банкроттық туралы шешімді ақылмен қабылдау керек.

Егер адам келесі жылдары несие алғысы келсе, онда банктер оның қаржылық мүмкіндіктерін мұқият талдайды.

Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды және 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде жарияланды. Заңның негізгі нормалары 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енді.

42

Банкрот болған жағдайда шетелге шығуға тыйым салынған ба?

Борышкерге сот банкроттығы рәсімін қолдану кезеңінде (6 ай) шығуға тыйым салу белгіленді, себебі, борышкердің мүлкін сатуды жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттарға қол қоюға тікелей қатысуы қажет. Сот шығуға тыйым салуды енгізеді, рәсім аяқталғаннан кейін тыйым алынып тасталады.

43

Заңда жеке тұлғаны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну негіздерінің бірі қатарынан 12 ай ішінде оның міндеттемелерін орындамауы болып табылады. Аталған тұлғаның 45 000 000 000 (қырық бес миллиард) теңге қарызы бар, көрсетілген сома 2020 жылы сот шешімімен аталған тұлғадан өндірілген, қазіргі уақытта жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғап, оның 50 пайызын жалақысынан ұстап қалуда. (жалақы 450 000 теңгені құрайды), банкроттық туралы сотқа жүгінуге бола ма немесе міндетті түрде жұмыстан шығып, 12 ай бойы табысы жоқ болу, немесе несие төлемеуі керек па? Борышкердің жалақысынан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоқ.

Азаматтың тұрақты табысы бар екенін және сот орындаушысы берешекті өтеу есебіне соманың 50% ұстап қалуды жүргізетінін ескере отырып, берешекті ішінара өтеуі бар, яғни 12 ай ішінде өтемеу фактісі жоқ.

Бұдан басқа, сот шешімі бойынша өндіріп алынатын 45,0 млрд.тенге берешек сомасының  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының 46-бабына сәйкес,  тоқтатылуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болып табылады.

44

Салеметсизбе егер банкроттык статус алынса шет елге шыгуга мумкин бола ма?

Борышкерге елден тыс шығуға тыйым салу сот банкроттығы рәсімін қолдану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезеңінде ғана белгіленді, өйткені борышкер мүлкін сатуды жүзеге асыру кезінде тиісті құжаттарға қол қоюға тікелей қатысуы қажет.

Рәсім аяқталғаннан кейін (соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру) шетелге шығуға шектеулер белгіленбеген.

45

Сәлеметсіз дер Хаблан Марат болам кредит қалай кешірледі шын ба қалай білуге болады

Заңмен, соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері көзделген. Әр рәсімнің өз ерекшеліктері бар. Егер белгіленген ережелерге сай келсе әрине банкроттықты қолданып, қарыздарды есептен шығаруға мүмкіндік бар. Алайда, банкроттық рәсім қолданылса, 5 жыл ішінде жаңа несиелер алуға тыйым салыну, 3 жыл ішінде қаржылық жағдайдың бақылануы көзделеді. Банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік ұпайын төмендететінін түсінуі қажет. Бұл рәсімнің оң және теріс жақтарын өлшеп, банкроттық туралы шешімді ақылмен қабылдау керек. Егер адам келесі жылдары несие алғысы келсе, онда банктер оның қаржылық мүмкіндіктерін мұқият талдайды

46

Онлайн зайымдарға бонкроттық жариялауға болады ма?

Банкроттық барысында барлық қаржы ұйымдарының алдындағы қарыздар есептелінеді, яғни, екінші деңгейдегі банк, микроқаржы ұйымдары Ұоның ішінде онлайн кредит берушілер де барҚ және коллекторлық агенттіктер

47

3 ай болды толемегенмин арыз жаздым жумыссызбын ,мулкым жок банкроттыкка арыз жаза аламын ба?

Азамат банкроттық рәсімдерін қолдану үшін Заңда белгіленген оның негіздірі мен талаптарына сәйкес келуі керек. Ал Заңда белгіленген банкроттық рәсімдердің қолдану талаптарының бірі ол - арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша мұндай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы.  

48

7 жылдай болды кредитмди жабалмай калдым денсаулыгыма

Егер азаматтың берешегі 5 жылдан артық өтелмесе, банкроттық рәсімін қолдану арызыңызбен жүгіне аласыз, ең бастысы азамат Заңда көзделген талаптарға сай болуы керек.  

49

Арызды кімге жүгін аламын.Кандай талаптар бар

Заң рәсімдердің үш түрін қарастырады – ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық, бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:

1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);

2. қарыз 12 ай ішінде өтелмейді;

3. мүлік жоқ;

3. қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.

Сонымен қатар, заңда ерекше жағдайлар қарастырылған:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін (12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды);

- берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді).

Бұл рәсім Мемлекеттік кірістер органдарымен (аудандық бақармаларымен) жүргізілетін болады.

Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov, «E-salyg Azamat» қосымшасы және ХҚКО арқылы электрондық нысанда береді.

Екінші рәсім: Сот банкроттығы, азаматтар кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. Бұл ретте несиені өтеу бойынша мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс және банктерден реттеу рәсімінен өту қажет.

Сондай-ақ, қарыздарды бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану көзделген. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотпен бекітіледі.

Бұл рәсімнің артықшылығы – одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Бұл ретте, банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз:

Сот банкроттығын, сондай-ақ соттан тыс банкроттықты қолданғандар:

- бес жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтан микрокредит алудан басқа);

- жеті жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа рәсімін қолдана алады;

- қаржылық жағдайы банкроттық рәсімі қолданғаннан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Сот арқылы банкроттықты қолдану немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін азамат тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуі қажет.

50

Үкіметте жұмыс істесе айлығы 80000т болса брақ жалдамалы пәтерде тұрады банкроттыққа беруге болама

Азамат банкроттық рәсімдерін қолдану үшін Заңның 5 және 6 баптарында белгіленген негіздер мен талаптарына сәйкес келуі керек.



Құжаттар «Параграф» аж-нің тақырыптары бойынша
  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VІІ Заңы

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 179-VІІ Заңы

  «Қазақстан Республикасының Ңкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жңне банкроттығы мңселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 180-VІІ Заңы

Вопросы:

Оставить комментарий:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

 

* Видеоматериалы, размещенные на портале ПРАВМЕДИА отражают мнение эксперта по соответствующему вопросу. Редакция ПРАВМЕДИА не несет ответственности за последствия применения указанных в ответах рекомендаций.